Астанадағы Президент саябағында жаға ұстатарлық жағдай болды. Ер адам көптің көзінше жабайы үйректерді сойған. Видео мен куәгер жазбасы қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал Экология министрлігі осы оқиға бойынша тексеру жүргізіп, тиісті шара қабылдау үшін ішкі істер органдарына арыз жазу қажет екенін жеткізді.
«Баламен серуендеп жүргенде, ойын алаңы маңында ер адамның үйректерді сойып жатқанын көрдім. Әуелі ойыншық жөндеп жатыр екен деп ойладым. Бірақ жақындағанда шошып кеттім. Үйректерді ұстап, жүнін жұлып, мойнынан қысып отыр екен. Қасында кішкентай бала болды. Қызығып қарап тұрды».
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.