Алматыда Баум тоғайының аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейінгі хабарымызда аталған саябақта ағаштар заңсыз кесіліп, кейін даулы мәселеге айналғанын айтқан едік. Бірақ билік өкілдері бұл шаралар, табиғатқа еш зиянын тигізбейді деп отыр. Айтуларынша, жасыл желек кесілмейді, керісінше бір мыңға жуық жаңа көшет отырғызылады. Көгалдандыру жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізіледі. Яғни қазына қаражатының бір тиыны да жұмсалмайды. Сала мамандарының сөзінше, серуендеуге арналған жолдарға жарық және бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік қамтамасыз етілмек. «Барлық шара Баум тоғайының экожүйесіне зиянын тигізбейді», — деп сендірді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.