Алматы облысында бос тұрған астық өңдеу зауыты қайтадан жұмыс істей бастады

Алматы облысында ширек ғасыр бойы қаңырап бос тұрған астық өңдеу зауыты қайтадан жұмыс істей бастады. Кәсіпорын болашақта жыл сайын 1 млн тонна астық пен майлы дәнді-дақылды терең өңдейді. Кешенді іске қосуға 15 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Осылайша жүздеген жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. 700 мың тонна астық қабылдай алатын зауыт бастапқыда тәулігіне 1500 тонна мал азықтық ұн өндіріп, оны алыс және жақын шетелдерге экспорттайды.

РИНАТ ТОҚПАНОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ:
— Біз болашақта тәулігіне 2500 тонна мал азықтық ұн өндіретін боламыз. Оны көршілес Қытай Халық Республикасы мен Азия-Тынық Мұхиты елдеріне экспорттаймыз. Қазір 300 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Кейін мұнда 500 адам тұрақты еңбек етеді.

———————————————