Ауғанстанда жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты

Ауғанстандағы жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты. Дүмпу қуаты 6,3 балға жеткен. Тағы 320 адам жарақат алды. Жер сілкінісі 500 мыңнан астам халқы бар Мазари-Шариф қаласы маңында болды. Қазір аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ауғанстандағы бұл жер сілкінісі Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Пәкістанда да сезілген. Қазақстанның оңтүстігінде де 2 балдық дүмпу тіркелді.

———————————————