Алматыдағы зілзала кезінде істен шыққан дабылқаққыш үшін Төтенше жағдайлар Департаментінің үш орынбасарына сот үкімі шықты. Тергеу барысында айыпталушылардың ескерту жүйесін дұрыс бақыламағаны анықталды. Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған жер сілкінісі 4 балға дейін сезілді. Алайда мыңдаған тұрғынға табиғи апат жөнінде SMS-хабарлама келмеген. Бас прокуратураның мәліметінше, белгілі бір компания сапасыз құрал орнатып, жалған актілер жасаған. Сол себепті төтенше жағдай кезінде дабыл жүйесі жұмыс істемей қалған. Қомақты қаражатты жымқырған кәсіпорынның Бас директоры да енді жазасын темір торда өтейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.