ШҚО-да шалғай ауылдардағы 200-ден астам әйел онкоскринингтен өтті

Шығыс Қазақстан облысында шалғайда орналасқан елді мекендердегі 200-ден астам әйел толық онкоскринингтік тексеруден өтті. Алтай ауданының тұрғындары облыстық онкология және хирургиялық орталыққа жеткізілді. Оларға маммолог пен гинеколог бір сағат ішінде еш кезексіз қабылдау жасады. Дәрігерлер компьютерлік тамография арқылы толық сараптама жүргізді. Биыл аймақтағы әйелдердің 98 пайыздайы осындай тексерістен өткізілген. Солардың 52 пайызында аталған аурулардың алғашқы сатысы анықталып, онкологиялық ем-шаралар жасалған. Бүгінгі таңда облыста 14 мыңнан астам әйел аурудың осы түрінен емделіп жатыр.

ГҮЛМИРА САҒИДУЛЛИНА, ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Осы жылдың екінші жартысынан бастап онкологияға қарсы скринингтік тексерістен өту тегін медициналық көмек көрсету пакетіне енгізілді. Демек, әр әйелдің өздерінің медициналық сақтандыру статусына қарамай-ақ, дәрігердің толық тексерісінен өтулеріне мүмкіндіктері бар.

НАТАЛЬЯ МАЙБОРОДА, АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Әр адамның денсаулығы өз қолында екенін әркім түсінуі керек. Бұл –жауапкершілік. Ал жоғары санатты, білікті дәрігер-мамандардың қабылдауында болу біздер үшін сәттілік деуге болады.

———————————————