TechnoWomen ұйымы жасанды интеллект мамандарын даярлап жатыр

Қазақстанда жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Салаға 3 жылда 11 мың жаңа маман қосылған. «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы AqylTech және IT-Aiel екі ауқымды білім беру бағдарламасы арқылы жасанды интеллект мамандарын даярлауды жалғастыруда. Осы уақытта цифрлық дағдыларды, жаңа жасанды интеллектіні игерген мамандардың алды Америкаға тәжірие алмасуға аттанбақшы. Әу, баста IT-Aiel тек әйелдерге арналған бағдарлама болатын. Қазір олар prompt-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-дизайнері сияқты жаңа мамандықтар бойынша оқытуда. «Тәлім алуға ниеттілер қатары күн санап көбейіп келеді», — дейді мамандар.

АЗИЗА ШУЖЕЕВА, TECHNOWOMEN КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бағдарлама аясын биыл кеңейтіп жатырмыз. «AqylTech» жобасы бойынша ауыл жастарына басымдық бердік. Қазірдің өзінде 6,5 мың жас тәлім алды. Тіпті шетелдегі қандастар да қызығушылық танытып, жобамызға қосылуда. Өзбекстан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан жастары оқып жатыр. Тағы бір айтары, егде адамдар да тартылуда. 55 жастан асқандарға әсіресе киберқауіпсіздік, яғни алаяқтардан сақтану жолын үйретуді көздеп отырмыз.

———————————————