Астанадағы аукционда Мбаппенің жейдесі 3 млн теңгеге сатылды

Астанада атақты фултболшының жейдесі 3 миллион теңгеге сатылды. Freedom QJ League жобасының жабылу салтанатында өткен қайырымдылық аукционында «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппенің қолтаңбасы бар жейде аукционға ұсынылды. Оның бағасы бастапқыда 500 мың теңге болған еді. Аукционда түскен табыс түгел қайырымдылыққа жұмсалады. Іс-шараға Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысып, жастар спорты мен қайырымдылық бастамаларының маңызын атап өтті.

———————————————