Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОҚУШЫ ТАЯҚ ЖЕДІ
 Ақтөбе облысының Темір ауданында оқушылар төбелесті. Саркөл ауылында бір бала соққыға жығылды. Ол ауруханаға түсіп, операция жасалған. Енді баланың анасы кінәлілердің тиісті жазасын алғанын қалайды.
МОЙЫНҚҰМДАҒЫ МЕКТЕП
 Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 120 бала әкімшіліктің ескі ғимаратында оқып жатыр. Өйткені ондағы мектеп өмірге қауіпті. Апатты жағдайдағы оқу ордасы қашан жаңартылады?
ҮЙРЕККЕ ҚАСТАНДЫҚ
 Үйрекке қастандық жасаған кім? Астана тұрғыны Президент паркіндегі үйректің түгін қоймай қырып тастаған. Жануарға өшіккен күдіктіні қазір полиция іздестіріп жатыр.
СУБСИДИЯҒА СЕНБЕЙДІ
 Түркістандық шаруалар тығырыққа тірелді. Субсидияға сеніп, несие алған 4 мыңнан астам фермер, оның үстемесін 22 пайызбен төлеуге мәжбүр. Себебі жеңілдетілген несиеге берілуге тиісті қаржы кешіктіріліп жатыр.
МБАППЕНІҢ ФУТБОЛКАСЫ
 «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің футболкасы 3 млн теңгеге сатылды. Айрықша аукцион Қазақстан жасөспірімдер арасындағы футбол чемпионатының жабылу рәсімінде өтті.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.