Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды. «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді. Жеке тінту барысында одан екі ұялы телефон, 200 мың теңге және шамамен 2 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде 100 грамм болатын ақшыл-сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек табылды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызметін жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған. Сондай-ақ күдіктінің қала аумағында бірнеше жерге есірткі жасырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.