Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апатынан аман қалған екі адам ауруханадан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, енді науқастар емін тұрғылықты жері бойынша емханада жалғастырады. 23 қазанда «Самара-Шымкент» тас жолында болған апатта барлығы 6 адам жарақат алған. Екеуі емделіп шықса, қалғаны әлі ауруханада жатыр. Соның ішінде жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы жасөспірімнің хәлі ауыр. 51 жастағы ер адам Астанадағы ауруханада ем қабылдауда. Ал апат болған жолда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өткен жылы басталған, 2028 жылы аяқталады деген жоспар бар.
ЖАНДОС БОЛАТ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ:
— Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша біздің ауруханаға төрт науқас түсті. Бір науқас Астана қаласына аударылды. Екі науқас амбулаторлы емге шығарылды. Қанағатарлық жағдайда. Қалған бір науқас политравманың бөлімшесінде жатыр. Иық және білек сүйектеріне операция жасалды. Қазіргі таңда жалпы жағдайы тұрақты. Емін толықтай алып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.