Қызылорда облысының Алғабас ауылында көкпаршыларды көлік қақты.
Тартыс нағыз қызған шақта жүргізуші алаңға көлікпен кіріп, ойыншылардың ортасын бұзып өткен. Әлеуметтік желіде тараған осы бейнежазбадан кейін бұзақы ұсталып, оның үстінен қылмыстық қозғалды. Ал көкпарды тиісті органдарға ескертпей өткізген ұйымдастырушы да жауапқа тартылды. Оған айыппұл салынған.
ЕРМАХАН АБДРАМАНОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысқан барлық тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Естеріңізге саламыз, кез келген спорттық-бұқаралық немесе мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізген кезде уәкілетті органдарды алдын ала хабардар ету қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.