Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 420-ға жуық өрт болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% көп. Төтенше жағдай кезінде 26 адам мерт болып, 30 азамат жарақат алған. Ал шығын көлемі 353 миллион теңгеден асты. Оқыс оқиғалардың дені жеке секторда болған. Сондықтан құтқарушылар жылыту маусымы басталғалы үй-үйді аралап, тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп жатыр. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасыларға басымдық беріледі.
АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері бүгінгі күнге дейін өңірде 25 мыңға жуық жеке үйді аралап үлгерді. Нәтижесінде шамамен бес мыңға жуық адам есепке алынды. Бұлардың дені әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Жылыту маусымы басталғалы біз бір жарым мың құрылғы орнаттық. Ал оны сатып алуға жергілікті атқарушы орган өкілдері қаржы бөлді. Мұндай жұмыстары көктемге дейін жалғасады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.