Оралдық тұрғындар апатты деп танылған баспанада әлі тұрып жатыр

Оралдағы бірнеше үй тұрғындары апатты деп танылған баспанада әлі тұрып жатыр. Қабырғалары қақырап, төбесі опырылған бұл үйлер реновация бағдарламасы бойынша сүрілуге тиісті. Алайда шешім жүзеге аспай отыр. Қожанасырдың қабіріндей болған үй иелері жан-жаққа үдере көшкен. Бірақ басқа амалы жоқтары осында қалған. Ескі үйді бұзуға кедергі көп. Қаулы шыққан, бірақ республикалық базаға енгізуде техникалық ақау болыпты. Сөйтіп, өтінім кері қайтарылған. Енді бұған дейінгі қаулының күші жойылып, жаңасы шығуға тиіс.

———————————————