Атырауда үш жылдан бері мектеп құрылысы тоқтап тұр. Соның кесірінен бүтін бір ықшам ауданның мыңнан астам оқушысы үш ауысымды мектепте сабақ оқуға мәжбүр. Сапалы білім болмаған соң ата-аналар жаңа оқу ордасының тездетіп тапсырылуын талап етті. Қыруар қаржы бөлінген нысанның кестеден кешігуіне не себеп? Әріптесім анықтап көрді. +СЮЖЕТ
Ит өлген жерге күн сайын балаларын тасудан шаршаған ата-ананың төзімі таусылған. Үш ауысыммен оқиды.
Мектеп құдды бір ескерткіш сияқты. Жансыз. Кіріп-шығып жатқан оқушы көрмейсің. «Жаңа оқу жылында беріледі деген уәде сөз жүзінде қалды», — дейді тұрғындар.
СӘУЛЕ ӘЖІҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Төрт-бес жылға аяқ басып бара жатыр. Көз алдымызда күйік боп тұр. Балаларымызды бергіміз келеді. Ақсайға үш ауысымен барады. Сағат үште барады, сегізде келеді.Балаларымыз үйдің қасында оқыса екен дейміз. Айналадағы мектептер салынып болып жатыр. Біздікі бес жыл болды. Мынау не масқара?!
600 балаға арналған мектептің жобалық құны әу баста 2 миллирд теңгеге бағаланған. Бірақ жыл сайын өзгеріп, енді 4 миллиард теңгеден асып кетті. Құрылысы 2022 жылы басталған мектептің қазір 90 пайызы біткен. Мемлекеттік сараптама кезінде кемшілік табылып, құрылыс тоқтаған.
ДАРХАН ТІЛЕПБЕРГЕН, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір біз жобалық-сметалық құжаттамасына өзгеріс енгізіп жатырмыз. Қазір смета жасақталып экспертизадан өткізілуде. Қараша айының соңында қорытындысы шығады. Содан кейін қамтып мердігерге қаржысын төлейтін боламыз. Гост экспертиза замечания болды түзетуге қатысты. Сонымен созылып кетті.
Ал құрылысқа жауапты мердігер компания барлығы тапсырысқа сай орындалды. Тек қаржы тапшылығы қолбайлау деп отыр.
Шыр-пыр болған ата-аналар талабы енді жыл соңында орындалмақ. Сондықтан әзірге күтуден басқа амал жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.