Келер жылы еліміздің мектептерінде суда жүзу міндетті пән ретінде енгізілуі мүмкін. Пилоттық бағдарлама алғаш Астана мен Алматы қалаларында іске қосылып, кейін барлық өңірде жүзеге аспақ. Бұл туралы Үкімет отрысында Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Жоба АҚШ, Австралия, Венгрия сияқты спортқа ерекше ден қойған мемлекеттердің тәжірибесі негізінде әзірленді. Мақсат – оқушыларға суда жүзуді үйретіп қана қоймай, қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлу және салауатты өмір салтын насихаттау. Жалпы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, былтыр әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып, көз жұмған. Оның 82 мыңы – 1 мен 14 жас аралығындағы бала.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.