Еліміздің сегіз өңірінде ауа райы нашарлайды

Еліміздің сегіз өңірінде алдағы күндері ауа райы нашарлайды. Қар жауып, көктайғақ болады. Жолдарда көру деңгейі төмендейді. Осыған байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды. Мәселен, Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бір бөлігінде көлік жылдамдығына шектеу қойылды. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге ғана рұқсат етілді.

———————————————