Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ДҮКЕН ИЕСІ ҰСТАЛДЫ
Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды. Күдікті 20 жастағы Теміртау тұрғыны болып шықты. Полиция тұтқындау операциясын «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырды.
КӨКПАРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС
Қызылорда облысында көкпаршыларды көлік қақты. Тартыс нағыз қызған шақта жүргізуші алаңға көлікпен кіріп, ойыншылардың ортасын бұзып өткен. Бұзақы ұсталып, оның үстінен қылмыстық қозғалды. Көкпарды ұйымдастырушы да жазаланады.
ПРАНКЕРГЕ ТЫЙЫМ
Көп асқанға бір тосқан. Пранкерлердің парақшалары бұғатталуы мүмкін. Депутаттар хайп қуып, әлеуметтік желіде ойына келгенді көрсететін контент иелеріне тұсау салмақ. Оларға заңды күшейту қарастырылып жатыр.
ОҚУШЫ СУДА ЖҮЗЕДІ
Енді екі айдан кейін ел мектептерінде суда жүзу сабағы енгізіледі. Яғни келер жылдан бастап бұл пән міндетті болады. Әзірге пилоттық жоба Астана және Алматы қалаларында жүзеге асырылады.
КҮН СУЫТТЫ
Бір күнде қар жауып, қыс қаһары білінді. Күннің күрт суытуына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысы шектелді. Жалпы осы айда күн райы қалай құбылады? Сарапшы болжамын ұсынамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.