Түркістан облысында атыстан 17 жастағы жігіт қаза тапты

Түркістан облысында адам өліміне күдікті бір адам ұсталды. Түлкібас ауданында түн ішінде атыс болып, бір отбасы қара жамылды. Бейтаныс адамдар бетперде киіп, бейқам тұрған төрт жігітке оқ жаудырған. Оқиға орнында 17 жастағы жігіт қаза тауып, үшеуі жараланған. Куәгерлердің айтуынша, қаскөйлер алдын ала дайындалып келген. Қазір «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
ЭЛЬМИРА АЙДАРАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
— Балалар қашып үлгерген. Ол жерде бейқам тұрған, ештеңемен шаруасы жоқ балалардың бәрін атқан. Менің балам сол уақытта машинаның астына бүгіліп, екі бүктеліп жатып қалған деп естідім. Ол баланы желкесінен ұстап, шалқасынан түсіріп, жүрек тұсынан әдейілеп атып кетіпті деп естідім.

ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Ауылдың балалары болғаннан кейін амандасып, сөйлесіп тұрған кезімде, атыс басталды. Құладық. Тарсылдатып атып-атып кетті. Олар маскамен келген кісілер. Түрлерін де білмейміз.

———————————————