ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында ірі апат тіркелді. Соның салдарынан 5 адам көз жұмды. Тағы біреуі жарақат алды. Қайғылы оқиға Өскемен – Риддер тас жолының 48-шақырымында болды. ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima жеңіл көлігі соқтығысты. Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

———————————————