Әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарының жіті респираторлық жұқпалы індет белгілеріне шағымы көбейді. Көпшілік дене қызуы бірнеше күнге, тіпі бір аптаға дейін түспей тұрғанын жазып жатыр. Әсіресе балалар арасында мұндай жағдай жиілеген. Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, эпидемиологиялық маусым басталғалы Астанада 27 мың адам індетке шалдыққан. Ауруханаларға шамамен бір мың адам жатқызылған. Олардың арасында 76 жүкті әйел және 356 нәресте бар. Айта кетейік, Еуропаның кей елдерінде Испания мен Норвегияда тұмау індеті өршіп тұр. Бірақ сала мамандары алаңдауға себеп жоқ дейді. Елімізде эпидемиологиялық жағдай бақылауда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.