Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және сауықтыру кешені үш жылға кешігіп тапсырылды. Енді Таврия және Катон-Қарағай ауылының тұрғындары алысқа сабылмайды. Қос ғимараттың жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Екеуін де бір мердігер салды. Бірақ кейбір нысанды уақытында тапсырмағаны үшін фирма басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
ЛАУРА ЖАҚЫПОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазір тергеумен Қаржы мониторингі агенттігі айналысып жатыр. Бүгінде жауапты бизнес өкілдерінің арқасында жағдай тұрақталды. Бастысы жобаның сметалық құны өзгермейді. Ол үшін арнайы меморандумға қол қойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.