Алматы облысының Райымбек ауданында картоп жинау науқаны аяқталды. Тәңіртау баурайындағы шаруалар биыл 2300 гектар алқапқа осы дақыл түрін егіп, әр гектардан орта есеппен 250-300 центнерден өнім алды. Тегістік ауылының тумасы Дулат Құлмамыров басқаратын шаруашылық биыл 150 гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын енгізді. Оған жұмсалған қаржының 80 пайызы мемлекеттік субсидия ретінде қайтарылды. Райымбек ауданының шаруалары Үкіметтен 10 мың тонна картоп сақтайтын қойма салуға көмектесуді сұрап отыр. Өйткені Нарынқолда осы өнімді сақтайтын қойма аз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.