Алматы облысындағы Көшпенділер қалашығы мен «Тамғалы тас» мұражай кешенінің арасына жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынады. Оның ұзындығы 300 метр болады. Туристік нысан құрылысы келесі жылы басталып, 2027 жылы аяқталады. «Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамыту» жобасы аясында жүзеге асатын жаңа көпір жеке инвестордың қаржысына салынады. Алматы облысына ат басын тірейтін туристер легі жыл сайын 20-30%-ға артып келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.