Алматыға қыс келді. Бір тәулік ішінде мегаполисте жарты айдың қары жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қала көшелері, жаяу жүргіншілер жүретін жолдар, қоғамдық көлік аялдамалары ақ ұлпадан тазартылып жатыр. Барлығы 900-ге жуық арнайы техника мен 2500-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Магистральдық көшелерге алдын ала сұйық рагенттер сеуіп, жоқ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кіріскен. Күннің суытуына байланысты таулы аймақтарда көктайғақ болып жатыр. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда жауын-шашын күшеуі мүмкін. Сондықтан мамандар көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.