Филиппинде тайфуннан 26 адам опат болды

Филиппинде табиғаттың тосын мінезі жергілікті жұрттың берекесін қашырып жатыр. «Калмаеги» атты тайфун тасқынға ұласып, 26 адам опат болды. Дүлей дауылға байланысты 400 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау туристік аудандарда демалып жатқан азаматтардың да шырқын бұзған. Кеме және әуе қатынасы тоқтап, жиһанкездерді тығырыққа тіреді. Айта кету керек, Филиппинде дауыл сирек кездесетін құбылыс емес. Жыл сайын 20-ға жуығы тіркеледі.

———————————————