Ертең Вашингтонда үлкен басқосу өтеді. С5+1 саммитіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Орталық Азия басшылары АҚШ президентімен кездеседі. Ордалы отырысқа қазір дайындық қызу. Президенттер сан түрлі сала бойынша келіссөздер жүргізеді. Алыстан ат терлетіп баратын аймақ өкілдері АҚШ инвестициясын тартуға басымдық береді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кездесуде миллиардтаған доллардың тағдыры шешіледі. Талқыланатын тақырыптар энергетика, сирек металдар мен минералдар турасында өрбиді. Әлбетте, тың технология, цифрландырумен қоса көлік және логистика салаларында да серіктестікті нығайту көзделеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.