Алматыда «Келешек» заманауи мектебі өз жұмысын бастады

Алматыда жаңадан ашылған «Келешек» заманауи мектебінде оқушылар алғашқы сабағын бастап кетті. Білім ошағы екі мың оқушыға арналған. Мектепте кең әрі жарық сынып кабинеттері, физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, робототехника, информатика сыныптары бар. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін лифт және инклюзивті білім беру кабинеттері қарастырылған.

МАНАТ ӘШІРБЕКОВА, №220 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
– Жан-жақты білім алу үшін, жан-жақты даму үшін барлық жағдай жасалған. Яғни мектепте 83 пән кабинеті бар. Мұғалімдерге арналған конференц-залдар, 440 орынға арналған мәжіліс залымыз бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.

———————————————