Гималайда қар көшкінінен жеті адам қаза тапты

Гималайда алапат қар көшкіні жүрді. Жеті адам қаза тапты. Арасында шетелдіктер де бар. Мына видеодан қар астында жатқан денелерді байқауға болады. Бұдан бөлек, тағы төрт азамат қазір із-түзсіз жоғалып кеткен. Бәрі – жергілікті гид. Қолда бар мәлімет бойынша бес жарым мың метр биіктікте жүріп өткен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

———————————————