Қарағанды шахталарында 2500 әйел еңбек етеді

Қарағанды шахталарында 2500 әйел еңбек етеді. Бұрын ерлерге ғана тән саналатын мамандықты бүгінде қыз-келіншектер де меңгеріп жүр. Мысалы, маркшейдер мамандары жер астында кен өндіру жоспарын жасап, қауіпсіздік шараларын есептейді. Ендеше, кеніштегі келіншектердің келбетіне зер салайық.

Маркшейдер әйелдер күн сайын кеншілердің қауіпсіздігі мен жер астындағы өндірістің тұрақты жұмыс істеуіне жауап береді. Соның бірі – Дарья Патракеева, кенші әулетінен шыққан маман. Оның әкесі «Қазақстан» шахтасында еңбек етсе, анасы «Абай» шахтасында технолог болып жұмыс істеген. Жұбайы да көмір өнеркәсібінде қызмет атқарады.

ДАРЬЯ ПАТРАКЕЕВА, ЛЕНИН АТЫНДАҒЫ ШАХТАНЫҢ МАРКШЕЙДЕРІ:
— Біздің міндет – кен қазу орнының қай бағытта жылжуы керегін дәл анықтау. Бұл қауіпсіздік ережелерінің бұзылмауы мен төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біз жер астындағы өндірістің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеміз. Бұл жұмыс аса жоғары дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді.

Маркшейдер сынды сирек әрі әйелдер үшін қиын мамандықты Дарья ғылымға деген сүйіспеншілігінен таңдаған. Айтуынша, бұл жұмыста инженерлік ойлау, жоғары жауапкершілік пен тәртіп қатар жүреді. Ал әріптесі Айбарша Бекболатова өз отбасында алғаш болып шахтада жұмыс істеуді таңдап, магистратураны тәмамдаған соң өндіріс орнына орналасыпты.

АЙБАРША БЕКБОЛАТОВА, ЛЕНИН АТЫНДАҒЫ ШАХТАНЫҢ МАРКШЕЙДЕРІ:
— Осы сала нақты өлшемдер мен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Маған бұл мамандықтың табиғат пен өнідіріс арасындағы байланысқа үлес қостындығы ұнайды. Жер астында жұмыс істеген өте қиын. Осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Себебі мамандығым өзіме ұнайды.

Қарағанды облысының шахталарында бүгінде 2500 әйел еңбек етеді. Оның қатарында жарықшылар, есепшілер және маркшейдерлер бар. Өндіріс орындарының өкілдері бұл көрсеткіш жыл сайын арта беретінін айтады.

———————————————