Шымкентте жаңа төселген асфальт опырылып қалды

Шымкентте жаңа төселген асфальттың опырылуынан көлігі бүлінген бір азаматқа өтемақы берілді. Қалған көлік иелері ешқандай талабымыз жоқ деп тарқасқан. Жауапты компания өкілі осылай дейді. Бар болғаны бір апта бұрын төселген асфальт жаңбырдан кейін ойылып қалған. Салдарынан жол шетінде тұрған төрт көлік шұңқырға түскен. Тұрғындар осы аумақта жақында кәріз құбыры ауыстырылып, асфальт асығыс төселгенін айтады. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компания өкілдері бұл жерде топырақтың шөккенін растады. «Ал опырылған жердің орны қалпына келтірілді», — деді коммуналдық мекеме маманы.

———————————————