Қарағанды облысында астыртын есірткі зертханасы әшкере болды. Онда бір тоннадан астам прекурсор, яғни есірткі жасауда қолданылатын химиялық зат пен 52 келі дайын есірткі тәркіленді. «Бұл 173 мың синтетикалық доза әзірлеуге жетер еді», — дейді мамандар. 28 және 30 жастағы екі ер адам Сортировка кентінен үй жалдап, оны заңсыз зертханаға айналдырған. Күдіктілер кураторлардың тапсырмасын онлайн орындап отырған. Еңбекақыларын криптовалюта түрінде алған. Олар ұсталып, тергеу басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.