Ақтөбе облысының Хромтау ауданында екі жылдан бері мал ұрлығы тиылмай отыр. Тек Көктау және Көктөбе ауылдарында осы аралықта 200 бас мал жоғалып кеткен. Шаруалар малынан жайылымда көз жазып қалғанын айтады. Іздеу жұмыстарынан нәтиже жоқ. Ұрының соңына ешбір із кесуші түсе алмай отыр. Екі ортада шаруалар торығуда. Солардың бірі – көктаулық Нүркелді Құлмұхамбетов. Оның бағымында 200 бас асыл тұқымды қара мал болған. Соның 49-ынан айрылып қалыпты. Шаруа мал шаруашылығын дамыту үшін несие алғанын айтады. Енді қарызын қайтара алмай қиналып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.