Қарағандылық әйелге 16 жастағы ұлының өліміне байланысты, үш аурухана 5 миллион теңге өтемақы беретін болды. Сот осындай шешім шығарды. Қайғылы жағдай екі жыл бұрын болған.10 күн ыстығы түспей, әлсіреген оқушы ауруханаға жеткізілген. Ал дәрігерлер баланың жағдайының ауыр екенін елемей, күндізгі стационарға жатқызған. Тиісті тексеру мен қан талдауы да жасалмаған. Ауруы асқынған бала көп ұзамай көз жұмған. Енді дәрігерлердің салғырттығы анықталып, кінәсі дәлелденді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.