Петропавлда оқушылардың сырт киіміне жарық шағылыстырғыш лента жабыстырылды

Петропавлдағы мектепте бала қауіпсіздігіне бағытталған пилоттық жоба қолға алынды. Бірінші және сегізінші сынып оқушыларының сырт киіміне жарық шағылыстырғыш лента тағылды. Өйткені қыста қас ерте қараяды. Ал сабақтан шыққан оқушыны жүргізуші анық көруі маңызды. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып отыр.
«Оқушылардың сыртқы киімі мен сөмкелеріне жарық шағылыстырғыш таспа жабыстырылды. Бұл әсіресе кешқұрымда өте пайдалы», — дейді мамандар.

ДИАНА ҚӘБИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Әрбір ата-анаға баланың өмірі маңызды ғой. Сол себепті мен бұл жобаға оң көзқарасымды білдіремін. Менің 3 балам оқиды. Біреуі бірінші сыныпта, төртінші сыныпта және жетінші сыныпта.

НАТАЛЬЯ МЕЛЬНИКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Акцияға баршамыз бір адамдай үн қостық. Жақсы идея. Сондықтан еш ойланбастан күзгі демалыс кезінде тиісті лентаға тапсырыс беріп, жапсырып алдық.

«Қауіпсіздікке жарқын қадам» пилоттық жобасы алғаш болып өмірі екінші мектепте жүзеге асырылып отыр. Білім ұясымен меморандумқа қол қойылды. Сөйтіп, 500-ге жуық оқушыға ерікті түрде фликер тағылды.

АНТОНИНА САЧКОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Жол қозғалысы ережесі бағадарламасы негізінен 1-8 сынып оқушыларына арналған болатын. Дегенмен 9-сыныптағылар да осы жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Бізде ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оларға да осындай лента жапсырылмақ.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 100-ден астам бала зардап шеккен. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында осы пилоттық жоба қолға алынды.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, ӘПБ БАСТЫҒЫ:
— Балалар жол ережелсін елей бермейді. Рұқсат етілмеген жерден өтіп кететін кездер де болады. Ал қараңғы уақытта оларды жүргізушілер байқамай қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай шара жол апатын алдын алады деген сенімдеміз.

Тәртіп сақшылары тың бастаманы алдағы уақытта өңірдегі өзге мектептерде де енгізуді жоспарлап отыр.

———————————————