Қ. Тоқаев Ақ үйде Д. Трамппен кездеседі

Вашингтонда бүгін Орталық Азия елдерінің басшылары жиналып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін «Орталық Азия – АҚШ» саммиті басталады. Оған біздің Президент те қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау әуежайдан күтіп алды. Ол жуырда ғана Астанаға келіп, Президенттің қабылдауында болған еді. Мемлекет басшысы ұшақтан түсе сала, АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттерімен кездесіп, әңгімелесті. Енді Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

———————————————