Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында браконерлер әуеден бақыланып жатыр. Табиғат қорғаушылар МИ-8 тікұшағы арқылы Қатон-Қарағай ұлттық паркінің ең шалғай аумақтарын, Марқакөлді және Риддер төңірегіндегі Алтай ормандарын қадағалауға алған. Әуеден тексеру нәтижелі. Мәселен, Грамотуха өзені маңынан балық артылған жүк көлігі анықталды. Күдіктілер су маржанын заңсыз аулаған. Қысқасы, браконьерлер қылмыс үстінде ұсталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.