АҚШ-та ресми сапармен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық конгрессмендерді қабылдады. Президент АҚШ Конгресі Қазақстанмен достық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, парламент мүшелеріне екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Президент сондай-ақ америкалық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртке мұнай мен газ өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ал John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен болған басқосуда «Агромаш» зауытымен серіктестік орната отырып, агроөнеркәсіп кешеніне арналған техника өндірісінің локализациясы туралы қабылдаған шешімін қолдады. Кейін The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.