Енді сабақта смартфон ұстаған оқушының ата-анасы айыппұл төлейді

Енді сабақта смартфон ұстаған оқушының ата-анасы айыппұл төлейді. Оның құны – 20 мың теңге. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, «Білім туралы» заң жобасында сабақ үстінде смартфон пайдалануға тыйым салынған. Оқушы тәртіпті алғаш рет бұзса, ескерту беріледі. Қайталаса ата-анасына айыппұл салынады. «Бұл балалардың сабаққа зейінін арттырып, мектептердегі тәртіпті күшейту үшін қажет», — дейді мамандар. Ал үзіліс кезінде телефон ұстауға болады. Бірақ сенаторлар болашақта бұған да шектеу енгізуді ұсынып отыр.

———————————————