Алматыдағы балабақшалардың бірінде құрт-құмырсқа қаптап кеткен. Әлеуметтік желіде тараған сұмдық бейнежазба жұрттың жағасын ұстатты. Кадрлерде жәндіктер қабырғалар мен еденде, тіпті тамақ әзірлейтіе үстелдерде өріп жүр. Тіпті балаларға берілген ботқаның ішінен де жәндіктер шыққан. Ата-аналар мен тәрбиешілер сұмдық жағдайға меңгеруші кінәлі дейді. Айтуларынша, ол бұған дейін де осындай жағдай үшін жұмыстан қуылған. Оқиғаны Алматы қалалық білім басқармасы растады. Бейнежазбаны балабақша күзетшісі қыркүйек айында түсірген. «Мекемеде залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі», дейді сала мамандары. Дегенмен ғимарат маңындағы қоқыс жәшіктері құрт-құмырсқаның көбеюіне себеп болуы мүмкін деп отыр. Қазір Әуезов ауданының санитарлық қызметі тексеріс бастады. Ал білім басқармасы жауаптыларға шара қолданылып, балабақша жұмысын ерекше бақылауға алатынын мәлімдеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.