Бұл – Атбасар қаласындағы жалғыз мәдениет үйі. Оны саудагерлер базарға айналдырып алған. Мұны көрген тұрғындар наразы болып, біздің арнаға бейнежазба жолдады. Олар мәдени іс шара өтетін ғимаратты сауда-саттық ордасы қылған адамды жауапқа тартуды сұрайды. Айтуларынша, мәдениет үйі былтыр ғана бюджеттің қыруар қаржысына жөнделген. Тілшілеріміз мәселенің мән-жайын анықтады. Жергілікті билік өкілдері мен мәдени ошақ басшылығының хабарлауынша, бұл арада заңға қайшы әрекет жоқ.
ЖАНАР СӘРСЕМБЕКОВА, АТБАСАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Аудандық мәдениет үйінің екінші қабатында өтіп жатқан жәрмеңке туралы былай айтар едім. 1999 жылдан бері мекеме мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын болып тіркелген. Мұнда мәдени шаралардан бөлек, біз бос орындарды жалға беруге құқығымыз бар. Аудандық экономика бөлімімен жеке кәсіпкер келісімшарт жасасқан. Бәрі заңды. Бұл жәрмеңке тұрғындар үшін ұйымдастырылып отыр. 3 күнге созылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.