Жамбыл облысының тұрғыны күннің қуатын кәсіпке айналдырды. Елужан Момышев Қолбастау ауылындағы үй ауласында шағын күн электр станциясын салған. Сағатына 50 киловатт қуат өндіріп, оны аудандағы тоқ тасымалдайтын компанияларға сатып отыр. Әр киловатты 34 теңгеден саудалайды. Жарты жыл ішінде 2,5 млн теңге табыс тапқан. Жасыл энергияға негізделген бұл бастама аймақтағы сәтті жоба ретінде бағаланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.