Шымкентте шұңқырға құлаған баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Шымкентте алты жасар баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сәуірде Тұран-2 шағын ауданындағы үш метрлік ұңғымаға бүлдіршін құлап, қаза болған еді. Сол шұңқырды ашық қалдырған мердігер компанияның директоры кінәлі деп танылды. Сот оны 1 жыл айға соттап, екі жыл бойы құрылыс саласында жұмыс істеу құқынан айырды. Сонымен қатар баланың анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

———————————————