Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ВАШИНГТОНМЕН БАЙЛАНЫС
Ақ үйдегі кездесу. Мемлекет басшысы Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, жалпы құны 17 млрд доллардың құжатына қол қойды. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты.
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҚЫРЫҚАЯҚ
Алматыдағы балабақшалардың бірінде қырықаяқ өріп жүр. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Ұсқынсыз жәндік мекеменің асханасына әбден орнығып алған. Осы көріністен кейін санитарлық қызмет тексеріс бастады.
МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕГІ САУДА
Атбасардағы Мәдениет үйі сауда-саттық орталығына айналды. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Былтыр ғана қыруар қаржыға жөнделген мәдени ошаққа саудагерді кім кіргізді?
КҮН ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫ
Тараз қаласының тұрғыны күн сәулесінен пайда тауып отыр. Ол ауласына 100 күн панелін орнатып алған. Өндірілген энергиямен әуелі үйін қанымдайды. Ал артылғанын көрші-көлемге сатады.
ЦИФРЛЫҚ АРМИЯ
Қазақ армиясының цифрлық әлеуеті артып келеді. Бүгін Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскердегі жаңа жүйенің жетістігін жариялады. Жасанды ақылмен басқарылатын жауынгердің жай-күйі қалай?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.