Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АСФАЛЬТ ОПЫРЫЛДЫ
Шымкентте жуырда төселген жаңа асфальттың астаң-кестеңі шықты. Жол опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсті. Жөндеу жүргізген мекеме жауапқа тартыла ма? Ал көлігі қираған азаматтар не істейді?
ДАЙЫН ДОЗА
Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасы әшкереленді. Тінту барысында 52 келі күмәнді зат табылды. Яғни 173 мың дана дайын доза тәркіленді.
БҰЛТАРТА АЛМАДЫ
Шығыс Қазақстан облысының сақшылары браконьерлерді әуеден бақылады. Арнайы операция барысында мыңнан астам заңбұзушы балықты көлікке тиеп жатқан жерінен ұсталды.
ҰСТАТПАЙТЫН ҰРЫ
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында мал ұрылары екі жылдан бері ұстатпай жүр. Көзге көрінбейтін барымташылар бір шаруашылықтан 64 сиырды айдап әкеткен. Тағы бір шаруа 40 бас ірі қарасынан айырылған.
БЕЙБІТ АУЫЛ
Атырау облысында соңғы екі жылда ешқандай қылмыс болмаған ауыл бар. Махамбет ауданының халқы ішімдіктен бас тартқан соң, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туды дейді.
00:00 Астанадағы базарлардың бірі отқа оранды
00:32 Анонс
01:51 Шымкентте жаңа төселген асфальт опырылып қалды
03:00 Қарағанды облысында есірткі зертханасы әшкере болды
03:59 Хромтау ауданында мал ұрлығы тыйылмай тұр
06:01 Дәрігерлердің салғырттығынан ұлынан айырылған ана 5 млн тг өндіріп алды
06:59 Елімізде 45 адам Гонконг вирусын жұқтырған
09:54 Петропавлда оқушылардың сырт киіміне жарық шағылыстырғыш лента жабыстырылды
12:12 Қ. Тоқаев Ақ үйде Д. Трамппен кездеседі
12:44 Трамптың Орталық Азия көшбасшыларымен кездесуінен не күтуге болады?
14:51 ШҚО-да браконерлер әуеден бақыланып жатыр
15:41 Францияда жүргізуші жаяу жүргіншілерді көлігімен қаққан
17:50 Атырау облысы Еңбекші ауылында 2 жылдан бері ішімдік сатылмайды
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.