Қарағандыда жүргізуші жаяу жүргінші жолына шығып, әйел адам мен оның 4 жасар баласын қағып кетті. Күдікті оқиға орнынан ізін суытқан. 25 жастағы келіншек бүлдіршінін балақшадан алып бара жатқан. Оқиға салдарынан аяғы мертіккен. Ал баланы періштесі қақты. «Зардап шеккен жоқ, бірақ қатты қорқып қалған», — дейді мамандар. Полиция күдіктіні қолға түсіріп, көлігін айып тұрағына қойды. Тергеу жүріп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.