Қарағанды облысында ер адам мал ұрлады деген күдікпен ұсталды. Ол Ақмола облысындағы фермерден ұрланған жылқыларды тасымалдап бара жатқан. Теміртау маңында тоқтатылған жүк көлігінен 45 жылқы табылды. Жүргізуші жануарларды Степногорск қаласынан 13,5 миллион теңгеге сатып алғанын айтқан. Алайда полицейлер жылқылардың таңбасын видеоға түсіріп, шаруалардың чатына салған. 27 жылқының иесі табылды. Қалған 18 жылқының иесі анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.