Бүгін Ақтау қаласындағы мектептердегі оқушының жартысынан астамы сабаққа келмеді. Оған басты себеп телеграм-арна арқылы қаланың он төрт мектебінде жарылыс болады деп таралған хабарлама. Полиция қызметкерлері дереу барлық білім ошағын тексеріп, қауіп төндіретін ештеңе таппаған. Ал террористік әрекет туралы ақпарат таратып, елді дүрліктіргендер әзірге анықталған жоқ. Құзырлы органдар мектептер штаттық режимде жұмыс істейді десе де, ата-ананың көбі балаларын сабаққа жібермеген. Таң атысымен қарбалас болып жататын білім ошағының маңы әдеттегідей емес. Кейбір сыныптарда бір ғана оқушы келген. Мұндай оқушыларды мұғалімдер үйіне қайтарып жіберген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.