Өскеменнің шет аудан тұрғындары бірнеше жылдан бері биліктен автобусты көбейтуді сұрап жүр. Шмелёв Лог ауылына қоғамдық көлік мүлде қатынамайды. Елді мекеннің жолдарына қиыршық тас қана төселген. Ал ең жақын аялдама бірнеше шақырым жерде орналасқан. Белсенділер бұл мәселені талай рет қала басшылығымен талқылаған. Бұл жолы жергілікті билік ауылға маршруттық такси жүретінін мәлімдеді. Ол үшін қалалық жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларға бір миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Ал автопарк автобус бағытын көбейтуі керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.