Доллар 2 теңгеге арзандады. Қазақстан қор биржасының күндізгі сауда қорытындысы бойынша, бүгін көкқағаздың орташа бағамы 523 теңге 58 тиын болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2 теңге 27 тиынға төмен. Айырбастау пунктеріндегі жағдай әртүрлі. Астанада валюта айырбастаушылар долларды орта есеппен 522 теңге 45 тиыннан сатып алып, 529 теңге 45 тиыннан сатады. Алматыда долларды сатып алу — 524 теңге 31 тиын, сату – 526 теңге 1 тиын шамасында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.